Оның айтуынша, ревакцинацияға белгіленген мерзімдерді ескермей 60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ өз бетінше зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге тесттің теріс нәтижесі бар адамдар жіберіледі. 

«Ревакцинацияның екінші кезеңінде алғашқы вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 ай өткен соң және 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинация мерзімі жеткен қалған азаматтар ревакцинациялауға жатады. Құрметті қазақстандықтар! Коронавирустық инфекцияның тұрақты мутациясын, сондай-ақ егілмеген халық арасында ауру жағдайларының тіркелуін ескере отырып, мен халықты вакцинациялауға шақырамын, себебі бұл вирустың таралуын азайтып, бұрынғы өмір салтына оралудың жалғыз тәсілі», - деді Цой халыққа қаратып айтқан сөзінде.  


Ол еске салып өткендей, ауырған адамдардың 96%-ы вакцинацияланбағандар.