Біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылдан бастап жыл сайын 500 млн $ АҚШ мөлшерінде IT-саласының экспортын қамтамасыз етуді тапсырды. 500 млрд теңге инвестиция тарту және 100 000 заманауи, жоғары білікті IT-мамандарды дайындау – бұл зор мақсат. 


«Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің салада IT-таланттар, технологиялық таланттар шешуші рөл атқарады. Әлемнің көптеген экономикалары үшін бұл жаңа мұнай секілді. Басқа дамыған елдерде адами капиталдың рөлі басым. Astana Hub-тың міндеті - тиісті таланттар үшін қолайлы орта, экожүйе құру. Біз жас командалардан бастап ірі IT-бизнеспен аяқтай отырып, IT-бизнестің өсуінің барлық кезеңдерінде жұмыс істейміз. Бірінші кезеңде таланттарды тартамыз, оларды оқытамыз, жобаларын дамытамыз, бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру үшін мемлекеттік қолдау шараларының кең спектрін ұсынамыз әрі соңғы кезеңде өз IT-компанияларымызды халықаралық нарықтарға шығаруға көмектесеміз. Жұмыстың бірінші кезеңі шеңберінде ТМД елдеріне назар аудара отырып, халықаралық аренада технологиялық таланттар үшін жарысқа түсеміз, көрші елдерден компанияларды белсенді түрде тартамыз, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейміз. Жұмыстың көп бөлігін танымал ету, ақпараттық жұмыс құрайды, жастар мен олардың ата-аналары IT-саласында кең мүмкіндіктер мен үлкен перспективалар бар екендігімен танысу үшін технологиялық кәсіпкерлік идеясын қалың бұқара арасында ілгерілетудеміз. Қазақ тілінде қысқа метражды фильмдер сериясын түсірдік, оны миллион адам тамашалады. Біз аудиторияның назарын аударып, оларды өз алаңымызға шақырамыз», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде ХАБ жұмысының принциптеріне тоқтала отырып.   


Айта кетейік, IT-алаңда онлайн және офлайн режимде 1000-нан астам іс-шара өткізілді, оларға 55 000 адам қатысты. Коучтар осы саладағы жетістікке жету тәжірибесімен бөліседі. Ал таланттарды тарту үшін жеңілдетілген визалық режим қолданылады. 574 компания ресми түрде Astana Hub резиденті болып табылады. Жалпы алғанда, 10 000 аса жұмыс орны құрылып, осы күнге дейінгі табыс 166 млрд теңгеден асты.