Оның айтуынша, бағдарламаға кез келген адам қатыса алады.  

«Бұл бағдарлама барлық бағдарламалау мектептері үшін, барлық студенттер үшін қолжетімді, сондықтан шақырамыз, пайдаланыңыздар. Келесі жылдан бастап бағдарлама кеңейтіледі. Үкіметтің қолдауымен 2025 жылға дейін 20 000 студентке қолдау көрсету жоспарланған. Біздің бизнес-бағдарламаларымыз, инкубация, акселерация бағдарламаларымыз бар. 1000-ға жуық жобаға қолдау көрсетілді. Бұл бағдарламаның көптеген түлектерін қазақстандықтар күнделікті өмірде кездестіреді: мәселен, автокөлік паркінде, балаларды online оқытқанда, апартаментті жалға алғанда, пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, үй шеберін жалдағанда, жүктілікті бақылау, балалардың қауіпсіздігін қадағалау сервистерін пайдаланғанда – бұл отандық және шетелдік нарықтарда белсенді дамып келе жатқан түлектеріміздің өнімдері», - деді спикер әріптестерінің жетістіктеріне тоқтала отырып.  

 
Айта кетейік, мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары бар, соның ішінде жеңілдетілген салық режимі. Салық жеңілдіктерінің арқасында технопарк қатысушылары 15 млрд теңгеге жуық қаржыны сақтап қалып, оларды одан әрі жұмыс орындарын ашып, жалақы төлеу қызметтеріне қайта инвестициялады. Бизнесті дамыту үшін қатысушылар 48 млрд теңге тартты. 


2021 жылы «SEED MONEY» бағдарламасы шеңберінде 35 стартап қаржыландырылды, келесі жылы бастапқы кезеңде кемінде 50 стартапты қолдау жоспарланған. Сондай-ақ, Astana Hub Үкіметке INNOVATION-FRIENDLY заңнамалық жобаларды дамытуға көмектеседі, АХҚО-мен өте тығыз ынтымақтастық орнатылды.  


«Біздің қызметіміз ірі технологиялық компаниялар үшін тартымды болып отыр. Біз олармен Қазақстанның өткізу нарығы ғана емес, жұмыс орындарын, инновациялар орталықтарын, зертханаларды құру алаңы болуы үшін белсенді ынтымақтастық орнаттық. Олар бізге келіп, компанияларымызға инвестиция салуы үшін. Бүгінде ТрансТелеком компаниясымен ірі америкалық бизнес инкубатормен бағдарламаны бірлесіп іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. МТС компаниясымен Astana Hub базасында 5G орталығын іске қосамыз. Әлемде 5G таралған кезде - біздің стартаптарымыз, өнімдеріміз осы нарықтарға шығуға дайын болады», - деді Astana Hub басшысы.