«Несие алу көлемі жыл сайын ұлғаюда. Биыл «Бизнестің жол картасы - 2025» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 30 млрд теңгеге 2605 жоба қаржыландырылды. Бизнеске жастардың белсенділігі артуда. Кәсіпкерлікпен көп балалы аналарды да қамтып отырмыз. Шағын орта бизнесті дамыту мақсатында Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму Картасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күні жалпы құны 9,5 млрд теңгеге 163 жоба іске қосылды, 426 жұмыс орны құрылды. Қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консервілер, күріш, қарақұмық ботқасы, жантақ балы, қауыннан жасалған чипсы және тағы басқалары өндірілуде», - деді облыс әкімі.  


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда, айналым схемасы бойынша қарыз қаражаты берілуде. Соңғы 2 жылда осы схема бойынша 15 кәсіпкерлік субъектісіне 1,83 млрд теңге бөлінді.  


«Жыл бойы тұрақты түрде 36 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда субъектілерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы 300-ге жуық меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, өндірушілер, көтерме жеткізушілер және ірі сауда желілерімен 13 монополияға қарсы комплаенс жасалды», - деді Г.Әбдіқалықова.