I санаттағы жолдар үшін тариф өзгеріссіз қалады. Ал II және III санаттағы тарифті анықтау үшін «ҚазжолҒЗИ» АҚ салалық қоғамдық ұйымдармен,«Атамекен» ҰКП-мен келісілген және Автомобиль жолдары комитетімен бекітілген әдістеме әзірледі. Алдын ала деректер бойынша, төлемақы құны I санат үшін мөлшерлеменің жартысына тең болады. 


«Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1479 км 1 техникалық санаттағы учаскелерде ақылылықты енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2021 жылғы 23 қарашадан бастап Республикалық маңызы бар бірінші санатты автожолдардың 7 учаскесінде жүру үшін ақы алудың ашық жүйесі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, бүгінде ақылы жүйені енгізу мәселелері талқылануда, жоғарыда айтылғандай, апаттық учаскелерді кесіп өту және пайдалану үшін ақы алынбайды. Ұзындығы 24 км «Нұр-Сұлтан-Павлодар» учаскесінде тоннель салу және қайта жаңарту жүргізіліп жатқан «Тараз-Шымкент» учаскелерінде ақы алу көзделмеген. Жабынның ақаулары (шөгулер, жарықтар) бар жол учаскелерінде биыл 179 км жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл Жамбыл және Түркістан облыстарында. Қазіргі уақытта 2 және 3 техникалық санаттағы учаскелерді ақылы негізде пайдалану туралы бұйрық жобалары әзірленуде», - деп хабарлады спикер.   


Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының жаңа ақылы учаскелеріне қызмет көрсету бойынша әлеуетті қызмет берушілерді іріктеу жүргізілуде, сол арқылы бәсекелес ортаға беру қамтамасыз етіледі.