«QAJ mobile мобильді қосымшасы жұмыс істейді, ол мынадай функцияларды іске асыруға мүмкіндік береді: пайдаланушының жеке кабинетін ашу; ақылы автожолдарды пайдаланғаны үшін теңгерімді тексеру; жол бойындағы сервис (карта), жолдағы жағдай (карта), бағыт салу туралы ақпарат беру. Кейде соманы дұрыс есептемеу бойынша шағымдар көп түседі, бұған жол бермеу үшін барлық сапарларыңызды және қанша төлегеніңізді көре аласыздар. Мобильдік қосымшаны жетілдіруде ГИС технологияларын тарту бойынша пысықтау жүргізілуде- деп мәлімдеді спикер.  


Сондай-ақ, жобаны әзірлеушілер жол бойындағы сервис объектілері туралы ақпаратты жаңартуды, ұсынылатын қызметтер сапасын бағалау мен объектілер рейтингін өткізу мүмкіндігін қарастыруда.