Оның айтуынша, халықты тиімді ақпараттандыру және жиналыстарды ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерін реформа мәселелері бойынша оқыту жүргізілді. Әкімдіктердің және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ 796 қызметкері оқытылды. Болашақ басқарушылар мен МИБ төрағаларын даярлау аясында министрлік үш оқу орталығымен ынтымақтасады. Осы оқу орталықтарында 683 тыңдаушы оқытылды, КПТҮ-нің 291 басқарушысы біліктілігін растады. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ алаңында онлайн режимде ПИК-тен МИБке көшу мәселелері бойынша республикалық вебинар өткізілді. Осыған ұқсас вебинарлар өңірлік деңгейлерде де, оның ішінде көшпелі шаралар ұйымдастырылады.  

«МИБ-ке көшу жөніндегі реформаны іске асыру бойынша кедергілердің бірі пәтер иелерінің қолтаңбаларын ұзақ уақыт жинау; коронавирустық пандемиядан туындаған карантиндік шектеулер болып табылады. Осыған байланысты, МИБке көшу мәселесін жеделдету үшін E-Gov порталында МИБті тіркей отырып, электрондық дауыс беру сервисі әзірленді. Авторизациялау ЭЦҚ көмегімен жүргізіледі, онда автоматты түрде тіркеуден өтуге, «меншік иесі» мәртебесін растауға және өз үйі бойынша дауыс беруге бастамашылық жасауға болады. Жиналыстың күн тәртібін жасағаннан кейін меншік иелері жиналысқа белсенді сілтеме бойынша кіріп, өз таңдауын жасап, ЭЦҚ-мен қол қоюы қажет. Бұл ретте E-Gov порталындағы электрондық дауыс беру сервисі МИБ әлі тіркелмеген үйлерге ғана қолжетімді; дауыс беру бір рет өткізіледі және МИБ тіркелгеннен кейін қызметке кіру жабық болады; жиналыстағы сұрақтар тізімі МИБ-ті тіркеуге арналған ең аз тізіммен шектелген», - деді спикер. 


МИБ-тер құрылған үйлер үйді басқарудың нарықтық қосымшаларын қолдана алады және оларда дауыс бере алады. Республика бойынша мұндай қосымшалар шамамен 12.