Өңірде, ет, сүт өндірісі, қайта өңдеу және басқа бағыттар да дамуда. Жыл басынан ет өнімдерінің экспорты 40%-ға өсті, жыл соңына дейін 4 мың ірі қара мал басына арналған тағы 5 мал шаруашылығы объектісін іске қосу жоспарланған. 


«Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірісі 9 айда 90 млрд теңгеден асты, жыл соңына дейін барлығы 32 объекті іске қосылады. Осының барлығы Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттырады: қазір субсидиялардың 1 бюджеттік теңгесіне 4 теңге жеке инвестициялар келеді», - деді облыс әкімі. 


Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқасында 2019 жылдан бастап Павлодар облысының 120 мыңға жуық тұрғыны немесе облыстағы барлық ауыл тұрғындарының жартысына өмір сүру жағдайлары жақсарып келеді. 169 әлеуметтік объекті салынды және жөнделді. Биыл 70 жоба іске асуда, оның басым бөлігі аяқталды. Мысалы, 10 мектеп, 4 балабақша жөнделіп, дәрігерлік амбулатория салынды, 80 км-ден астам кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. 


«Ауылдағы өмір сапасының басты көрсеткіші – таза ауыз суға қол жетімділік. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес бұл мәселе ерекше бақылауда. Жыл соңына дейін қолжетімділік деңгейін 94,7%- ға дейін жеткіземіз. Жалпы, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 20%-ға өсіп, қамту – 40,6 мың адамға артты. Осылайша, біз жобаларды іске асыруды тездетіп, 2024 жылы 100% көрсеткішке жетеміз», - деді Сқақов.