«Орта білім беруде аралас оқыту жағдайындағы процестің тиімділігін арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Бүгінгі таңда 10 млрд теңге сомасына 34 білім беру объектісінің құрылысы мен реконструкциялау жұмыстары жалғасуда, оның ішінде 16 мектеп бар. 4 мектепті биыл пайдалануға беруді жоспарланып отыр, сондай-ақ, облыс орталығында №2 мектепте 960 орындық 2 қосымша корпус салынуда. Осылайша, 4 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесі шешіледі. Қазіргі уақытта облыста  1 260 орындық 5 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында есту қабілеті нашар балалар үшін 280 орындық және қозғалысы нашар балалар үшін 166 орындық мектепке дейінгі екі мекеме салынып жатыр», - деді облыс әкімі.