«Соңғы бес жыл ішінде, қазіргі жолды қоса алғанда, 2 400 км-ден астам жергілікті жол, оның ішінде 800 км-ге жуығы ауылдық жерлерде салынды. Іс жүзінде жолдарды жөндеу 4 есеге ұлғайды. Менің атыма азаматтардан өтініштер көп түседі. Биылдың өзінде облыстың барлық аудандары мен қалаларынан ТКШ саласы бойынша 800 жуық өтініш келіп түсті. Сондықтан, жергілікті атқарушы органдар үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі – ТКШ саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына, олардың сапасы мен халықтың мәселелерін шешуде жеделділікке қатаң бақылау жүргізу болып табылады. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басымдықтардың бірі болып қалады», - деп атап өтті өңір басшысы.   


Өткен үш жылда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік қалалар бойынша 13%-ға, ауылдық жерлерде 6%-ға өсті. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және жөндеу бойынша жобалар 46 елді мекенде іске асырылуда. Биыл 6 жоба аяқталып, 6 мыңға жуық ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қамту деңгейі 89% дейін артады.   

«Биыл жылумен жабдықтау саласын дамытуға 14,5 млрд теңге қарастырылған, оның жартысы жылу көздерін жаңғырту мен жөндеуге жұмсалды. Ағымдағы жылы жылу желілері бар қазандықтарды салу және реконструкциялау бойынша жобалар 4 аудан орталығында қарастырылған, олардың ішінде Ерейментау, Есіл, Макинск қалалары мен Астраханка ауылындағы нысандар іске қосылды. 90-шы жылдары ажыратылған көптеген үйлер қосылды», - деп түйіндеді Ермек Маржықпаев.