«Бірінші санаттағы мемлекеттер елге тартылатын барлық ТШИ–дің 93%-ын құрайды, сондықтан олар үшін жоғары көрсеткіштер - 5 ТҰК және 20-30 орта және шағын кәсіпорындарды тарту белгіленеді. Екінші санаттағы елдерде инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың ашылмаған әлеуеті бар. Оларға 1 ТҰК және 5 орта және шағын инвесторларды тарту мақсаттары белгіленеді. Үшінші санаттағы елдермен инвестициялық белсенділіктің ең төменгі көрсеткіштері бар, бірақ олардың әлеуеті белгілі бір салаларда ТШИ көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

Бұл жұмыс барлық елшіліктерге нақты нұсқаулар мен олардан үміттерді белгілейді. Жаңа компанияларды тартудан басқа, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған инвесторларды ұстап қалу да маңызды міндет болып табылады. Елдің инвестициялық ахуалын жақсарту және инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында ҚР Президентінің төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесі алаңы, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен бірқатар диалог алаңдары, оның ішінде инвестициялық штаб, ҚР-ЕО диалог платформасы және инвестициялық омбудсмен жұмыс істейді. Бұл құралдар туындаған инвестициялық дауларды ерте кезеңдерде, яғни соттарға жүгінгенге дейін реттеуге және шешуге мүмкіндік береді. Шетелдік инвесторлардың сот және төрелік дауларға тартылуын төмендету елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартудың негізгі өлшемі болып табылады», - деп атап өтті спикер. 


Биыл 7 отырыс өткізілді, оның барысында Франция, Германия, Ресей, ҚХР, Корея, Түркия және АҚШ-тан келген шетелдік инвесторлардың 30-дан астам проблемалық мәселесі қаралды.