«90-шы жылдардың саяси-экономикалық жағдайы демократияға бет алған Қазақстан үшін қауып-қатерлерге толы болды. Ең басты қауып-қатерлер  – этносаралық қақығыстар мен дау-жанжалдар. 100-ден астам этнос өкілі мекен еткен ел бір сәтте тоқырауға ұшырауға әбден мүмкін еді. Бұдан сақтап қалатын тек бір жол болды – бірлік пен келісім қағидаттарынан бір қадам да ауытқымау. Осы жолда анық саясат жүргізу мақсатында егемен елдің Ата заң ережелерінде барлық азаматтардың тең құқықтары, еркіндік пен жауапкершіліктері бекітілді. Тәуелсіздік алған сәттен бастап қабылданған нормативтік-құқықтық актілер, доктриналар мен бағдарламалар, сондай-ақ оларды іске асыру шеңберіндегі іс-шаралар қоғамдағы этносаралық қатынастарды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Этникалық сұрақтарды саясиландырмау үшін заңды түрде этникалық негізде саяси партияны құруға тыйым салынды. Бұл қадам да келісім мен бірлікке өз үлесін қосты», - деді спикер.  


А.Сәдуақасова Қазақстан Конституциясында бастапқыда нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қатысты қандай да бір кемсітушілікке тыйым салу туралы ереже бекітілгенін еске салып өтті.  


«ҚР Тұңғыш Президентімен тәуелсіздік таңында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында нақты саясат уақытылы құрылды. 1995 жылы барлық этностық топтардың өкілдерін бір ұлтқа ұсынатын және біріктіретін арнайы орган - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, кейіннен, 2007 жылы конституциялық жолмен бекітілді. Осы саясасаттың іргелі институты ретінде Қазақстан Ассамблеясы құрылды.  Елімізде тұрақтылықты сақтау, қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, мемлекеттік тілді меңгеру, басқа мәдениет пен дәстүр өкілдерімен өзара тату өмір сүру дағдысын қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы аса маңызды рөл атқаратынын да ескерген жөн», - деді А.Сәдуақасова.