«Этносаралық қатынастар қоғамдағы құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қатынастардың барлық кешенін көрсететін лакмус қағазының бір түрі болып қала береді. Бірақ, ең алдымен, этносаралық қатынастар қоғамдағы эмоционалды, рухани, моральдық-этикалық нормаларды көрсетеді. Әлем мен біздің қоғам күрделі ауысуды бастан кешірген кезде ғасырлар бойы сақталған келісім мен достық қарым-қатынасты сақтау мүмкіндігі ең құнды болып табылады. Индустрия дәуірінен цифрлық дәуірге көшу тек технологиялық тұрғыдан ғана емес, адам өміріне, тіршілігіне және оның әлеуметтік кеңістігіне де әсер етті. Біз өз дәстүрлерімізбен не болатынын, балаларымыздың қалай өмір сүретінін жайында ойланамыз, уайымдаймыз. 


Осыған байланысты сәйкестілік туралы жаңадан пайда болғанпікірталастар және шиеленіскен этникалық линзалары бар әлемді қабылдау өзекті болып қала береді. Біз Елбасының бірлік пен келісім құндылықтарын бірінші орынға қоя отырып, популизмнің өсуіне және сананың радикалдануына назар аударатынын көріп отырмыз. 


Біз өзіміздің сәйкестілігімізді ұғыну кезеңінен өтіп жатырмыз. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық қоғам талқылау және көпшілік санасында біртектілік үдерістерін ұғыну кезеңінен өтті. Этникалық және ұлттық ұғымдар неғұрлым нақты ажыратыла бастады. Тәуелсіз дамудың 30 жылдық тәжірибесі жалпы елдік, жалпыұлттық контекстті қалыптастыруға және сонымен бірге жаңа тәуелсіз мемлекетті бірлесіп құру тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді;Тәуелсіз жылдар ішінде Қазақстанның барлық этностық қоғамдастықтарының өкілдері өздерінің мәдени және азаматтық құқықтарын толық көлемде іске асыра алды, саяси оңалту мен еркін жүріп-тұруға, азаматтығына және адам мен Қазақстан Республикасы азаматының құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін ала алды. 


Елбасы Н.Ә.Назарбаев маңызды фактор «Жаңа қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру екенін атап өтті. Бірақ, сонымен қатар қазақ халқының рухани мәдениетін дамыту қажет деп санайды, бұл туралы Елбасы: «Біз қазақ этносын басқа ұлттардың құқықтарына нұқсан келтірмей сақтап, дамыту шараларын қабылдауды принципті маңызды деп санаймыз» деген пікір білдірген болатын. Бұл саясаттың басты факторларының бірі - Қазақстан азаматтарының теңдігі деп түсінуге болады. 


Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанның саяси ерік-жігерінің арқасында этностық және діни тиесілілігіне қарамастан, азаматтық теңдіктің институционалдық тетіктері жасалды және дәйекті түрде жетілдірілуде. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы әлемдік тәжірибені ескере отырып, елдегі барлық азаматтардың құқы мен еркіндігін, басқа этнос өкілдерінің билік органдарына жұмыс істеуіне және сайлауға қатысуына, этностық айырмашылығына қарамай тең құқылы азамат ретінде  заң алдына қорғауға және т.б. мүмкіндік берілген.  


Этносаяси мәселелердің жаһандылығы, саяси риториканың этникалық маркерлермен байланысы, әлеуметтік желілердің этникалық бағыттағы мәлімдемелерге деген жоғары жауаптылығы теріс әсер етуші факторларға айналуы мүмкін екенін байқаймыз. ҚЭЗИ зерттеулері адамдардың мінез-құлқына ақпарат пен оны ұсыну әдістері көбірек әсер ететіндігін көрсетеді. Бұл процестердің белең алуы жас ұрпаққа ерекше тиеді екен», - деп атап өтті спикер.  


«Елдіктің жеті тұғыры» жас қазақстандықтарға тәуелсіз еліміздің жетістіктерін нығайтуға және көбейтуге, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа заман жаңа сын-қатерлерге толы. Өскелең ұрпақ оларға дайын болу үшін өзін-өзі жетілдіру, біліктілігін арттыру, өз елінің патриоты болу және оның дамуына ықпал ету қажет екені сөзсіз.