Оның айтуынша, оқушы орындарының санын арттыру керек. Бұл мәселе ірі нысандарды салу арқылы шешімін табады.    

«Егер бұрын қалада жыл сайын 1-6 мектеп салынса, қазір бұл жеткіліксіз. Биыл мектептер саны 15-ке дейін ұлғайтылды, бұл екі ауысымда оқытатын 40 000-ға жуық оқушы орны. Егер жыл сайын 20 мектеп салуға мүмкіндік болса, біз бұл деңгейді төмендетпеуіміз керек. Таяудағы 5 жыл ішінде қаламызда шамамен 70 мектеп салуға ниеттіміз. Бұл білім беру жағдайы мен сапасын айтарлықтай жақсартады. Тағы бір жаңалық - ірі мектептердің құрылысы. Егер стандарттар бойынша бұрын барынша 1200 орынға тұрғызылса, қазір 2000 орындық мектептер салынады. Бұл қала құрылысы тұрғысынан өте маңызды, өйткені жерді бөлу керек. Қазір қала өте жинақы салынуда, жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салып жатырмыз: әр орамда мектеп қадамдық қолжетімділікте болуы үшін инженерлік инфрақұрылым тарту керек. Бұл өте маңызды міндеттер, біз ҚНжЕ өзгерттік, Үкіметпен келістік, білім министрлігімен бірге биыл 2 ауысымда 4 000 оқушы оқитын мектептер саламыз. Қазір инвесторлар мектеп құрылысына инвестиция салуға ниетті», - деді спикер.  


Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй алаптарын дамыту бойынша жеке бөлім қабылданды. Үкіметте жоспар қаулымен бекітілді. Елорда тұрғындарының төрттен бір бөлігі 16 тұрғын алабында тұрады. Онда 305 км газ тарату желілері төселді, 200-ге жуық көше, 30 қоғамдық кеңістік, 20-дан астам аула асфальтталды, мектеп пен 2 спорт кешені салынды, тағы 2-уі салынып жатыр.  


Жөнделген жолдардың басым бөлігі алаптарда орналасқан. Есіл өзені арқылы 3 көпір салынады, бұл елорданың оң және сол жағалаулары арасындағы көлік қатынасын жеңілдетуге мүмкіндік береді.