«Тұтыну бағаларының индексі 106,7% құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,3% төмен. Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 1 870 млрд теңгенің өнімін өндірді. Елеулі өсім көбінесе индустрияландыру жылдарында инвестициялық жобаларды іске асырған кәсіпорындармен қамтамасыз етілді. Мәселен, машина жасау, металлургия өнімдерінің, металл емес өнімдер мен тамақ өнімдерінің өндірісін ұлғайту есебінен өңдеуші өнеркәсібінің 13,5% өскені байқалады. Жалпы алғанда, өсу резервтері ретінде таяу жылдары 2 трлн теңгеге 80 жобадан тұратын жобалар тізімі қалыптасты. Бұл экономиканың индустриялық секторын дамытуға және өнеркәсіптік өндіріс көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал ететін болады», - деді облыс басшысы.  


А.Мұхамбетов машина жасау саласына жеке тоқталып өтті. Есепті кезеңде мұнда 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, өсім 17,7%. Автоөнеркәсіп бұрын игерілген автомобиль маркаларымен қатар, 2021 жылғы наурыздан бастап «KIA» маркалы автомобильдерді құрастыруды басталды және жұмыс істеген кезеңде 7 863 бірлік жиналды. Биыл шілде айында «АвтоВаз» және «Renault Россия» компанияларымен бірлесіп «LADA» автомобиль желісінің және «Renault» автомобильдерінің өндірісі жолға қойылды. Алдағы уақытта «Сарырқаавтопром» ЖШС «УзавтоСаноат» АҚ және «General Motors» компаниясымен бірлесіп «Chevrolet Nexia» автомобильдерін ұсақ торапты әдіспен өндіруді, сондай-ақ осы автомобильдерге шанақ бөлшектерін штамптауды жолға қоюды жоспарлап отыр. Нексия өндірісі бойынша инвестиция көлемі 11,8 млрд теңгені құрайды. Штамптау жобасы бойынша инвестиция 30 млрд теңге. 


Өткен кезеңде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС конвейерінен барлығы – 44 115 бірлік шығып, оның 6 мыңнан астам автокөлігі экспортқа жіберілді», - деді спикер.