«Бағаны өсірмеу бойынша «Алқаптан сөреге дейін» жобасы іске асырылуда. Яғни, шаруа өз өнімін делдалдарсыз тікелей сауда орындарына жеткізеді. Сондай-ақ, өңірде 32 әлеуметтік дүкен ашылды, оның ішінде 15-і Тараз қаласында. Ондағы бағалар сауда орталықтарымен, базармен салыстырғанда 15-20 пайызға төмен. Жақында бағаны қадағалайтын статистика бюросының мамандары да келіп тексерді. Бұдан бөлек, тұрақтандыру қорына бюджеттен қосымша қаржы бөлінді. Қазіргі кезде онда шамамен 3,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар бар. Өңірде 19 әлеуметтік азық-түлік тауарларының 9-ы толық, 8-і - 50%-ға қамтылып, екеуі - күріш пен қарақұмық Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан жеткізілуде», - деді облыс басшысы.