Ең көбі – 3 мегаполис, яғни Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент, қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Шығыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында анықталды. Ал салалар бойынша – ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтасыз ету және денсаулық сақтау салаларында көп тіркелген. 


«Жалпы, 1280 адам әшкереленді. Оның 159 – түрлі деңгейдегі басшылар. Мемлекет бюджетіне 20 млрд теңгеден астам залал өтелді. Бірақ бұл құрғақ сандар шынайы жағдайды көрсетпейді. Статистика бойынша коррупция қылмыстарының саны өткен жылға қарағанда 34% төмендеген. Оның белігілі бір себептері бар. Биылдан бастап біз жаңа үш буынды модельмен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір азаматтардың құқықтарына қатысты барлық процессуалдық шешімдер прокурордың келісімінсіз заңды күшіне енбейді. Яғни, тергеудің алғашқы кезеңінен бастап тиісті фильтр бар. Сондықтан қылмыстарды тіркеуге мұқият қараймыз. Формальды негіздер бойынша қылмыстарды жаппай тіркеу практикасы тоқтатылды. Азаматтарды қылмыстық орбитаға негізсіз тарту азайды», - деді спикер. 


Агенттік төрағасы 2015-16 жылдары ақтайтын негіздер бойынша қысқартылған істердің үлесі 62% пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 27% пайызға дейін төмендегенін атап өтті. Қазіргі басты индикатор процессуалдық шешімдердің сапасы және адамдардың құқықтарын қорғау болып табылады.