«Бұл ретте лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттерінде жауапкершілікті жоқ қылатын амалдар қарастырылған. Бұл жағдайда адам пара беруге мәжбүр болады. Кейбір кезде ниеті түзу емес азаматтар үшін мәселені осылай шешу оңайырақ. Өкінішке орай, бұл әдетке, өмір нормасына айналады. Мұны ресми статистика да дәлелдеп отыр. Егер 2015 жылы «пара беру» бабы бойынша тіркелген фактілер барлық қылмыстардың 10%-ын құраса, биыл бұл көрсеткіш үштен бір бөлігін алып отыр. Яғни, адамдар саналы түрде шенеуніктерге пара береді. Көбінесе әр түрлі рұқсаттарды, мемлекеттік қызметтерді, мемлекеттік сатып алулардағы жеңісті, кедендік ресімдеуді және т.б. алу үшін. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бүкіл жүйесін қайта форматтау талап етіледі. Қазір қолданыстағы салалық заң күресті емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды мақсат етіп отыр. Бұл біздің агенттіктің қазіргі атауында да көрініс тапты», - деді спикер.  


«Қарсылық» сөзінің терең мағынасы бар. Бұл сыбайлас жемқорлық үшін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қылмыстық және профилактикалық шаралар кешені. Яғни, «алаяқтарды ұстаумен қатар мемлекеттік басқарудың кемшіліктерін жою». 


«Сондықтан біз салдармен күрестен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және қылмыстық схемаларды ашуға көшеміз. Ол үшін Агенттік құрылымы Президент Жарлығымен өзгертілді. Күштік блоктың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзара іс-қимылы күшейтілді. Бұл ретте, басты рөл превенцияға берілген, өйткені жалпы нәтиже алдын алуға байланысты», - деп түйіндеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы.