Сонымен қатар, әуе көлігі жолаушыларына ыңғайлы жағдай жасау үшін Елбасының тапсырмасына сәйкес, әуежайға жаңа терминалдың құрылысы жүргізілуде. Нәтижесіде  жолаушыларды  өткізу  қабілеті  сағатына  200 адамнан 2 000 адамға дейін өседі. 

«Қазіргі таңда қала тұрғындарын толғандыратын мәселенің бірі ауыз сумен қамту. Бес жыл ішінде халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуіміз қажет. Бүгінгі күні Шымкентте 5 елді мекен кесте бойынша, 7 елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ 16 млрд теңгеге су құбырының құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, 25 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесін толығымен шешіледі. Кәріз жүйесіне келетін болсақ, 63 елді мекен кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпеуде. Осы жылы бұл бағытқа 6,5 млрд теңге қаралды. Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту деңгейі 52%-дан 54%-ға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75%-ға жетеді. Электрмен қамту бойынша 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл осы салада 9,8 млрд теңгеге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қамту деңгейі 95%-дан 97% жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі», - деді қала басшысы. 


Сонымен қатар, әкімнің мәліметінше, 33 елді мекен газбен жартылай қамтылса, қуаттылығы жеткіліксіз. Қазіргі кезде газбен қамту бойынша 5,9 млрд теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осының есебінен газбен қамтылмаған елді мекендерге газ тарату  мүмкіндігі  пайда  болады.  Келесі  жылдың  басында №3 автоматтандырылған газ тарату жүйесі пайдалануға беріледі. Қаланы газдандыру мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі.