Халықтың табысы өсіп, жалпы еңбекақы қоры ұлғаюда. Биыл 9 айда барлық солтүстікқазақстандықтардың еңбекақысы 178 млрд теңгеге жетті. Былтыр осы кезеңде 151 млрд тг болған еді. Бір жылда еңбекақы қоры 18% көбейді. Облыста орташа еңбекақы 19% өсті. Тиісінше, зейнетақы қорына түскен қаржы көлемі 22% ұлғайды.  

«Жыл басында 12 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті қойылды, жоспар орындалды.  Экономиканың дамып жатқанының тағы бір белгісі – салық түсімдерінің өсуі. Былтыр облыс қазынасына 58 млрд тг түсті, биыл 67 млрд теңгеге жетпек. Жергілікті бюджет былтырғы жылмен салыстырғанда 323 млрд теңгеден 393 млрд теңгеге дейін немесе 22% өсті. Осының арқасында әлеуметтік маңызы бар көптеген жобалар жүзеге асты», - деді өңір басшысы.  


Сонымен қатар, ауылдардың инфрақұрылымын жаңартуға көп қаржы бөлінді. Биыл 132 ауылды жаңғыртуға 22 млрд тг бағытталды. Елді-мекендерде мектептер, емдеу мекемелері, ауыл жолдары және су желілері жөнделді.