Оның айтуынша, егер депозит болса, бірақ арнайы шот болмаса, оны ашып, өтінішке қол қою керек. Ол жүйеде автоматты түрде ашылады. Егер қолданыстағы депозит болмаса, оны «Отбасы банкте» алдын ала, оның ішінде банк сайты арқылы бейне қоңырауға тапсырыс бере отырып, онлайн түрде ашу керек.  

«Осы әрекеттердің барлығы жасалған кезде порталда өтінім қалыптастырылып, жіберіледі. БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде өтінімді қарап, ақшаны арнайы шотқа аударады. Желтоқсанның басында бұл қызметке сұраныс жоғары болды және 1-15 желтоқсан аралығында өтінімдер саны 3 есе өсті. БЖЗҚ қаражаты түскеннен кейін жеке кабинетке кіріп, толықтырғыңыз келетін салымды таңдайсыз, ақша депозитіңізге аударылады. Қазақстандықтар асығыстық танытқанын атап өткім келеді, өйткені біржолғы зейнетақы төлемдері пайдаланылатын депозиттерге біздің жүйеміздің барлық стандартты шарттары қолданылады. Біріншіден, жылдық 2% сыйақы мөлшерлемесі есептеледі, екіншіден, ең көп дегенде 600 мың теңгеге 20% мөлшерінде мемлекет сыйақы есептеледі - бұл шамамен 200 АЕК. Бұл депозитті қосымша толықтыру үшін үш жыл ішінде тұрғын үй сатып алу қажет немесе аралық немесе алдын ала тұрғын үй заемын алу керек. Егер банк клиенттері осы көрсетілген кезеңде өздерінің артық зейнетақы қаражатын пайдаланбаса, онда олар БЖЗҚ-ға қайтарылып, зейнетақы жинақтарыңызға айналады», - деп түсіндірді алгоритмді «Отбасы банкі» басшысы.  


Айта кетейік, егер өтінім 16 желтоқсанға дейін БЗТ қаражатын депозиттерге аудару мүмкіндігі пайда болған кезде жіберілсе, бірақ басқа мақсат таңдалған болса (мысалы, ипотекалық қарызды өтеу немесе туыстарыңызға беру), онда «депозитті толықтыруды» таңдап, бұрынғы мақсатты басқасына оңай ауыстыруға боалды.