Негізінен, тұтқындар құрылыс материалдарын, металл құрылымдарын, ағаштан және пластиктен жасалған бұйымдарды өндіруге қатысады. Тігін өндірісі жолға қойылған.  


«Сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың қоғамда одан әрі әлеуметтік бейімделуге дайындалуына ықпал етеді және оларға қылмыспен келтірілген материалдық залал бойынша талап-арыздарды өтеуге, алимент төлеуге, сондай-ақ туыстарына қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда 44 мекемеде 35 сұранысқа ие жұмысшы мамандығы бойынша кәсіби дайындық жүргізілуде, онда 3 мыңға жуық адам оқиды, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған есепке алынған адамдарды пробациялық бақылау әдістері жетілдірілуде. Қазір бұл салаға қашықтан бақылау құралдары - электронды білезіктер енгізілуде. Бұл есепте тұрғандарды қашықтан бақылауды қамтамасыз етуге және белгіленген талаптардың бұзылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», - деді генерал.   


Бүгінгі таңда бұл жоба тестілік режимде іске қосылды. Электронды білезіктерді келесі жылдың қаңтар айынан бастап жаппай қолдану жоспарланған.  


Сондай-ақ әкімдіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, 80 мыңнан астам әлеуметтік және өзге де көмек қызметтерін алуға жәрдем көрсетілді. Әлеуметтік бейімдеу процестеріне 2 мыңға жуық волонтер тартылып, тиісті бағдарламалар мен жұмыс жоспарлары әзірленді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл сайын қайталап қылмыс жасаудың төмендегені байқалады.