Қауіпті учаскелерді бақылауды селден қорғаудың жаңа технологияларын қолдана отырып, «Қазселденқорғау» арнайы бақылау және құлақтандыру қызметі жүзеге асырады. Олар халықты ерте анықтау және хабардар ету бойынша жаңа технологияларды енгізуде. 

«Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы сел мен көшкін түсу қаупіне ұшырайды. Сел қаупі бар кезеңде шамамен 1 800 жерүсті және аэровизуалды қауіпті учаскелерге тексерулер жүргізілді. Қорғас, Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінің бассейндерінде автоматты мониторинг жүйесінің 31 станциясы жұмыс істейді. Олар жағдайды бағалауға және сел ошақтарына жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Алматы қаласының, Алматы облысының және Қорғас ШЫХО халқын қорғау және селдерінен келетін залалды барынша азайту үшін Ақсай, Аюсай, Қорғас өзендерінде селден қорғау бөгеттері мен қорғаныш құрылыстарын салу жүргізілуде», - деп атап өтті ведомство басшысы. 


Айта кетейік, келесі жылы Аюсайдағы жұмыстарды аяқтау жоспарланған.