Үш 3 мың адамнан асатын 600 астам мобильді топ құрылды. Орманды дала алқаптары мен көпшілік демалатын орындарда 16 мыңнан астам бірлескен рейдтер өткізілді. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 3,5 мыңға жуық адам тартылды.  

«Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін 3,5 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өрт қауіпті кезең басталғанға дейін күштер мен құралдардың топтамасы бекітілді, бұл 40 мыңнан астам адам, 9 мың бірлік техника, су ағызатын құрылғылары бар 10 тікұшақ және өрт сөндіру пойыздары. Қабылданған шаралар дала өрттерін 11,5% – ға төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар есепті кезеңде 749 орман өрт және 4 мыңнан астам жану тіркелді, материалдық залал 6 млрд теңгеден асты. Өртті, оның ішінде табиғи өрттерді уақтылы сөндіру үшін әкімдіктермен бірлесіп 440-қа жуық өрт сөндіру бекеті құрылды, онда мамандандырылған қызметтер жоқ, саны 43 мыңға жуық адамнан тұратын 4 мыңнан астам ерікті құралымдар, 8 мыңнан астам техника бар», - деді спикер. 


Сонымен қатар, әкімдіктермен қосымша 200 астам өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды. 
Шомылу маусымына тоқталсақ, 315 адам суға кетті, оның ішінде 93 – бала. Биыл шомылуға рұқсат етілген орындар саны артты – құтқарушылары бар 500 астам. 

«Осыған байланысты жабдықталмаған аймақтарда суға шомылу үшін 37 мыңнан астам профилактикалық рейд және патрульдеу жүргізілді. Әкімшілік жауапкершілікке 5 мыңға жуық азамат тартылды. Шомылу кезеңінің қорытындысы бойынша талдау жүргізілді, жергілікті атқарушы органдарға келесі жылға демалыс және шомылу орындарын ұлғайту бойынша ұсынымдар берілді. Жалпы, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің су айдындарында 400 астам адам қаза тапты, оның ішінде 135 бала», - деді министр кейбір жағдайлардың қатпаған мұзда, арықтарда, септикатерде орын алғанын атап өтіп. 


Сондай-ақ, ол белсенді қысқы балық аулау кезеңі басталғандықтан азаматтардың назарын мұздағы қауіпсіздікке және қысқы кезеңде су қоймаларының жанындағы жүріс-тұрыс ережелеріне аударды.