Ербол Қарашөкеев тарихқа тоқталды. Биыл күзде картоп түсімінің нашар болуына байланысты Ресей Федерациясының билігі көрші елдерден өнім сатып алу туралы жариялады. Қазақстандық экспорттаушылардың құлшынысы үлкен тәуекелдерге әкелуі мүмкін.  


«Біз картоп экспортының динамикасын қарастырдық, ол өсті және біздің есептеуімізше, экспорттық әлеует айына шамамен 80 мың тоннаны құрады. Онда біз көктемде картоптың құны 800 теңгеге жуықтаған жағдайға тап болар едік және тағы да ауыл шаруашылығы министрлігі жұртшылық тарапынан қатты сынға ұшырайды. Осы мәліметтерге сүйене отырып, біз 25 желтоқсаннан бастап картопты экспорттауға толық тыйым салатынымызды мәлімдедік. Ал, ведомствоаралық комиссияда картоп өндірушілер қауымдастығының өкілдері оларда басқа мәліметтер болғанын жеткізді. Сондықтан біз арнайы комиссия құрдық, оның құрамына әкімдіктердің өкілдері, картоп өндірушілер қауымдастығы және ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері енді. Бұл жұмыс алдағы 2-3 күнде аяқталады, іс жүзінде қандай көлем бар екенін нақтылағымыз келеді, осыған сүйене отырып, жақын арада ақпарат береміз және қажет болған жағдайда түзетеміз. Картоп экспорттаушылары үшін бұл жақсы шешім емес, бірақ ол толығымен ақылға салынған шешім және картоптың қымбаттауына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының, қарапайым тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Экспорттаушылар азаматтарымыз осы картопты сауда нүктелерінен сатып алуы үшін біздің нарыққа қайта бағдарлануы керек», - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, ведомство жазда әкімдіктерге отандық өндірушілерден картоп сатып алуды ұсынды, бұл бағаны ұстап тұруға да септігін тигізбек.