50 адамнан құралған қазіргі резерв тек мемлекеттік қызметке ғана арналған.  


«Басты талаптар - ҚР азаматтығы, жасы, білімі және жұмыс өтілі. Конкурсқа қатысуға 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар Қазақстан азаматтары жіберілді. Болашақ резервшінің портретін жасау кезінде өзінің жеке мансаптық амбицияларын емес, ең алдымен қоғамдық мүдделерін басшылыққа алатын трансформациялық көшбасшыға тән біліктіліктер негізге алынды. Рекрутинг процесі талап етілетін білімді, дағдылар мен қабілеттерді анықтауға ғана емес, сондай-ақ кандидаттардың шынайы уәждері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға да бағытталған. Осыған байланысты іріктеу кезеңдеріне ситуациялық міндеттерді шешу және құрылымдалған мінез-құлық сұхбаты сияқты бағалаудың жаңа құралдары енгізілді. Резервке іріктеуге қатысуға Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының қызметшілері, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервінде жүрген адамдар жіберілмейді. Резервте болу мерзімі 3 жыл», - деді спикер. 


Құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекке дейін жүргізілді. Өткен аптаның соңында іріктеудің соңы ПМКР-дағы іріктеу жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы болды.  
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан барлығы 8 638 өтінім қабылданды. Өз кезегінде резервке іріктеудің әрбір келесі кезеңіне жіберілетін кандидаттардың шекті саны жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен іріктеу тәртібіне сәйкес айқындалды. 


«Қабілеттерді бағалау кезеңі кандидаттардың күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға және оны верификациялауға, яғни кандидаттардың қабілеттерін қайта өлшеуге және алдыңғы нәтижелерді растауға мүмкіндік беретін тестілеудің екі бөлек блогынан тұрды. Ауызша тестілеуге барлық үміткерлер қатысты, сандық тестілеуге 4 114 адам өтті, ал нәтижелерді верификациялау кезеңіне 1 049 үміткер жіберілді. Верификация қорытындысы бойынша ықтимал 30 балдан 23 және одан жоғары балл жинаған 514 адам іріктеудің келесі кезеңіне – ахуалдық міндеттерді шешуге жіберілді», - деп атап өтті агенттік басшысы.  


3-10 желтоқсан аралығында сараптамалық комиссияда әңгімелесу өткізілді, оның құрамына Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері, Агенттік басшылығы, сондай-ақ салалық министрліктердің басшылары кірді. Транспаренттілікті қамтамасыз ету мақсатында осы кезеңге қоғамнан тәуелсіз бақылаушылар тартылды.