Оның айтуынша, логистикалық шығындарды ескере отырып, Маңғыстау облысының жанармай құю станциялары үшін газдың өзіндік құны тоннасына 136 723 теңге немесе литріне 80 теңге шегінде қалыптасты. Маңғыстау облысындағы ағымдағы бөлшек бағасы литріне 100-ден 120 теңгені құрайды. Сәйкесінше, газ станцияларының маржасы литріне 20-40 теңгені немесе 25-50% құрады.
«Қаңтар айындағы көтерме сауда-саттық деректерін талдай отырып, біз бөлшек сауда бағасы тоннасына 120 мың теңге деңгейінде қалыптасқанын байқаймыз, бұл біздің ойымызша, күткеннен де жоғары болып табылады. Бұл бізге ЖМҚС арасында мүмкін болатын баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді. ЖМҚС иелеріне қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағалық сөз байласу мәніне тергеуді бастады. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының ЖМҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 100-120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және баға дәліздерін белгілеу жолымен газ бағасының алыпсатарлық секірулеріне жол бермеу жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында бағаның күрт өсуін болдырмау үшін Энергетика министрлігі көтерме сауда сауда - саттық ережелерінде сол кездегі 10% орнына бағаның 3% деңгейінде өсуіне шектеу қойғанын қосқым келеді», - деп атап өтті спикер.