Оның айтуынша, бірінші негізгі норма - МӨЗ жөндеу жұмыстарымен айналысу. Заңнамалық деңгейде шаралар пакеті әзірленді. 


«Біз зауыттарды жөндеу бойынша 5 жылға жоспар-кесте дайындадық. Оны жылына бір ғана зауыт күрделі жөндеуге тоқтатылатындай етіп жасадық. Белгілі бір ағымдағы жөндеулер болатыны түсінікті, бірақ олар қажет болған жағдайда жүргізілетін болады, бұл ретте күндер саны бойынша қатаң түрде шектейтін боламыз. Екінші норма елде қандай да бір жағымсыз тапшылық құбылыстары жағдайында ЖЖМ қорының пайда болуымен байланысты. Қаңтар айында кестеге қол қойдық, 200 000 тоннаға жуық Қор, бірінші кезекте дизель отынын қалыптастыруды жоспарлап отырмыз. 150 000 тоннаны «ҚазМұнайГаз», 50 000 тоннаны ҚТЖ өз мойнына алады. Үшінші норма заңнамалық болып табылады, ол мұнай базаларын деңгей өлшегіштер деп аталатын датчиктермен жабдықтауға байланысты болды. Күзде елдегі нақты жағдайды білмедік. Телефон арқылы ақпарат жинадық... заңнамалық деңгейде 2023 жылдың шілдесінен бастап ірі мұнай базалары жабдықталуы керек, олар барлық мұнай базаларының 90% құрайды, ал 2024 жылдың шілдесінен бастап шағындары бақылау және есепке алу жүйелерімен жабдықталуы керек», - деді ведомство басшысы. 


Биылғы жылғы тағы бір жаңалық - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктері үшін дизель отынын жөнелтуді бір ай бұрын бастау. Яғни, қаңтар мен ақпанда тұтыну аз болған кезде. Жыл сайын қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары 16 млн тоннадан астам өнім шығарады.