Бүгінде Қазақстан Республикасы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша сары аймаққа көшті. Қызыл аймақта Нұр-Сұлтан, сары аймақта Алматы және Шымкент қалалары. Қалған өңірлер жасыл аймақта.

Алайда, соңғы аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі елдің 11 өңірінде байқалды. Елде ауру 1.4 есе өсті. Репродуктивті сан ел бойынша 1.3-ке дейін өсті.

Тәулігіне коронавирустық инфекцияның 1510 жағдайы тіркелді. 75% жағдай 3 қалаға тиесілі :Нұр-Сұлтан - 798, Алматы – 196 және Шымкент – 118 жағдай.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы Қазақстан Республикасының аумағында "Омикрон" штаммының циркуляциясының анықталуына, сондай-ақ мереке күндері халықтың белсенді ішкі көші-қонына және алдын алу шараларын ұстанбауына байланысты.

Осыған байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды алдын алу шараларын сақтауға шақырады: бұқаралық іс-шараларға қатыспауға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маскалық режимді сақтауға, жабық үй-жайларды үнемі желдетіп отыруға.

Сонымен қатар, министрлік КВИ-ға қарсы нақты алдын-алудың жалғыз әдісі вакцинация және ревакцинация болып қала беретінін еске салады.

Вакцинацияның бірінші курсынан өткендерге және ревакцинацияны өту уақыты келгендерге ҚР ДСМ кейінге қалдырмауды және мүмкіндігінше тезірек ревакциналауды ұсынады.

Тек бұл ғана коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықты төмендетуге және денсаулық сақтау жүйелерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні вакциналардың жеткілікті саны қамтамасыз етілді, тіркелген жері бойынша емханаға барып, бастапқы вакцинацияны да, ревакцинацияны да алуға болады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ штамдарын генотиптеу әр бір жарым ай сайын жүргізілетінін атап өтті. Қазіргі уақытта "Омикрон"короновирус штаммы нұсқасының айналымын бақылау және талдау жүргізілуде.

Соңғы деректерге сәйкес, "Омикрон " Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында анықталған. Бұл ретте дельта штаммының таралуы 70% - ды құрайды.

https://www.gov.kz/