ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елімізде төтенше жағдай режимі жарияланған күннен бастап ҚР МСМ бағынысты білім беру ұйымдарының: мектептер, колледждер, ЖОО студенттері қазіргі уақытта толық қауіпсіздікте екенін хабарлайды.

Отандық жоғары оқу орындарының студенттеріне, колледждер мен мектептердің оқушыларына қатысты мынадай іс-шаралар қабылданды: олар азық-түлікпен және барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Директорлар олар үшін дербес жауапты.

Жергілікті жерлерде шұғыл шаралар қолданылды. Оқу орындары өкілдерінің хабарлауынша, студенттердің ең көп бөлігі үйлеріне қайтқан: "Ал жатақханада қалған студенттер мен шетелдік студенттерді білім беру мекемелерінің мұғалімдері үйлеріне алып, қамқорлық танытуда". Студенттердің қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған.

Осылайша, 2022 жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша 180 адам мәдениет және спорт министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының жатақханаларында орналасқан. Олардың барлығы білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамының бақылауында және қамқорлығында.

Білім және ғылым министрлігінің ресми ақпараты бойынша оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Мұғалімдер мен басқа қызметкерлер өңірдегі жағдайға байланысты штаттық немесе қашықтықта жұмыс істейді. Колледждерде қысқы демалыс 24 қаңтарға дейін жалғасады. Колледждер мен жоғары оқу орындарындағы екінші семестр әрбір оқу орнының академиялық күнтізбесіне байланысты 24 қаңтардан басталады.