Оның айтуынша, «102» сигналдарына жауап беру жүйесі қалпына келтірілді.

«Шақыруларға күшейтілген патрульдік жасақтар жіберіледі. Құқық бұзушылық туралы әрбір дабыл мұқият тексеріледі. Бүгінгі күні қалада жағдай тұрақты. Коммуналдық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы қалпына келтірілуде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылық танытуды сұраймын, сабырлық сақтауға және әсіресе лаңкестікке қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқан аумақтарда сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Арандатушылыққа ермеңіз және барлық күдікті фактілер мен адамда туралы полицияға хабарлаңыз. Осылайша елдегі тәртіпті қалпына келтіруде құқық қорғау органдарына үлкен көмек көрсетесіз»,- деді департамент бастығы.

Қанат Таймерденовтың мәліметінше, қақтығыс салдарынан 149 азамат, 11 құқық қорғау органдарының қызметкері қаза тапқан.