Оның айтуынша, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуға сараланған тәсіл қолданылады. Халық көп жиналатын объектілер үшін қосымша шектеулер енгізілді.   

«Бұл мәжбүрлі шаралар, ең алдымен, азаматтарымыздың денсаулығын қорғауға бағытталған. Тек мемлекеттік органдардың және қоғамның өзара жауапкершілігі ғана қауіпті вирустың таралу тізбегін тоқтата алады. Бүгінгі таңда жалғыз дұрыс шешім — вакцинация және санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Соңғы уақытта біз маска тағуды, антисептиктерді қолдануды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды тоқтаттық. Оны мойындау керек. Көптеген азаматтарымыз оқшаулану талаптары туралы ұмытып, өзіне, отбасына, айналасындағыларға қауіп төндіреді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуден және оларға қатысудан аулақ болу керек», - деді Тоғжанов.    


Қазір демалатын уақыт емес, аурудың шарықтау шыңы әлі алда. Егер пандемия кезеңіндегі қайғылы оқиғалардың қайталануын қаламасақ, санитарлық қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауымыз қажет.