Оның айтуынша, Біріккен штабтың әскери қызметшілері Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі мен Қорғаныс министрлері кеңесі талап ететін шешімдердің жобаларын әзірлеуге, оларды қысқа мерзімде қорғаныс ведомстволарының басшыларымен келісуге қатысты.
«Сонымен қатар, бітімгерлердің ұшуға даярлығын бақылауды және оларды орындауды жүзеге асырды. Іс жүзінде жүзеге асырылғандары: Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайға мониторинг жүргізуді, оны талдауды және болжауды; Дағдарыстық ден қою орталығы мен қорғаныс ведомстволары басқарма орталықтарының пункттерімен ақпарат алмасуды; Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамы, жағдайы және қызметі туралы ақпараттық материалдарды дайындады. Бұдан басқа, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі мен ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің кезектен тыс отырыстарын техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді іске асырды.Ұйымның Бас хатшысымен кездесу барысында ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штаб қызметкерлерінің бітімгершілік миссияны ұйымдастыруға бағытталған күш-жігерін атап өткен ҚР Президентінің жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін ерекше қуаныштымыз. Біріккен штаб атынан ұйымға одақтас елдерге террористік шабуыл жасалғанда Қазақстанға дер кезінде бауырластық көмек көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді», - деді авиация генерал-майоры.
Ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшылары жүктеген міндеттердің орындалғанын атап өтті.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаларға талдау жүргізіледі. «ҰҚШҰ-ның дағдарыстық жағдайларға ден қою тетіктерін жетілдіру, Дағдарысқа ден қою орталығының қызметін, ҰҚШҰ әскерлерін (ұжымдық күштерін) материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету жүйесінің, сондай-ақ Ұйым қызметін ақпараттық қамтамасыз етудің жолдары жоспарланды. Болашақта ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарымен біздің бірлескен қызмет бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар жасалады», - деп түйіндеді Қойшығұлов.