Оның айтуынша, кейінге қалдыру барлық зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға төтенше жағдай енгізілген күннен бастап 3 айға беріледі. 


«Қарыздар мен микрокредиттер бойынша кейінге қалдыру кезеңінде барлық банктер мен МҚҰ тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептемейді, сондай-ақ мерзімі өткен пайыздық сыйақыны капиталдандыруға жол берілмейді. Бұдан басқа, кредиттерді өтеу мерзімін өткізіп алуға жол берілген және мерзімін кейінге қалдыру қарыз алушының кредиттік тарихын нашарлатуға және ол туралы кредиттік бюроға теріс ақпарат беруге негіз болып табылмайды. Кейінге қалдыруды алу үшін қарыз алушы кез келген қолжетімді байланыс тәсілімен немесе кредитордың бөлімшесіне жеке бару арқылы еркін нысанда өтініш жазуы қажет. Бұл 2020-2021 жылдары пандемия кезеңінде берілген кейінге қалдыру үшін қолданылған өте қолайлы тәртіп. Осы кезеңде 2 млн-нан астам азаматтың немесе қарыз алушы жеке тұлғалардың 33,8%-ы кейінге қалдырылған төлемдер бойынша жалпы, 270 млрд теңгеден астам соманы төлеуді кейінге қалдырды. Барлық зардап шеккен қарыз алушыларға кредиторға жүгінуге жеткілікті уақыт берілді - өтініш 3 ай ішінде, яғни ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін берілуі мүмкін. Бұл ретте, өтініш берілген күнге қарамастан, кредит бойынша кейінге қалдыру төтенше жағдай енгізілген күннен бастап ұсынылатын болады», - деп хабарлады спикер. 


Сондай-ақ, ол тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге өз бизнесін толық қалпына келтіру үшін көп уақыт кететінін айтты. Сондықтан, несие беруші мен қарыз алушының келісімі бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың 3 айдан артық мерзімі белгіленуі мүмкін.