«Несиені өтеу мерзімінің соңына дейін бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді біркелкі бөлу түрінде; немесе кредит бойынша ағымдағы төлемдердің мөлшерін сақтау үшін қарыз мерзімін ұлғайту. Кредиттік ұйымның қарыз алушымен келісімі бойынша өзге кесте белгіленуі мүмкін.  
Несиені кейінге қалдыруға байланысты несие алушылардың құқықтарын қорғау бойынша 2 маңызды шарт қарастырылған: кредиттік ұйымдар қарыз алушылардан кредит бойынша кейінге қалдырған операциялар, өтініштер бойынша ешқандай комиссиялар мен өзге төлемдер алмайды; қарыз алушылардың талап ету жұмыстарын, оның ішінде мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттігі туралы хабарламалар жібермейді, - деп атап өтті ведомство өкілі.  


Ол ТЖ енгізілгеннен бастап агенттік банктер мен МҚҰ-ның жеке және заңды тұлғаларға мерзімін ұзартуды ұсыну бойынша олар үшін белгіленген талаптарды сақтауына күшейтілген бақылау жүргізетінін атап өтті. Кредитор негізсіз бас тартқан жағдайда, қарыз алушылар агенттікке жүгінуге құқылы. Әрбір өтініш бойынша Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін дереу қадағалау ден қою шаралары қабылданатын болады. 


Ведомствоның колл-орталығына жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін +77272371000 нөмірі бойынша хабарласуға болады.