«Сақтандыру компанияларын қадағалау, бақылау агенттіктің құзыретіне жатады. Егер сақтандыру ұйымдары өтініштерін қанағаттандырмаған азаматтардың шағымдары болса, олар бізге хабарласа алады. Орталық кеңсе Алматыда орналасқан, өңірлік өкілдер басқармасы әр облыс орталықтарында бар. Біз өтінішті қарап, қажет болса, құжаттамалық тексеру жүргізіп, кейіннен қорытынды жауабын шағым берушіге жауап ретінде ұсынамыз», - деді агенттіктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Ернар Оразбаев.
Сақтандырылған автомобильдерге төлем жасаудан бас тарта алмайды. Журналистердің айтуынша, тәртіпсіздік кезінде несиеге сатып алынған ондаған техника өртенген. Бұл жағдайда не істеу керек? Несие төлеуді жалғастыра ма? Зардап шеккендердің сақтандыру полюсінде «террористік акт» тармағы қарастырылмаған. Залалдың орнын кім толтырады?
ҚР ҚНРДА қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев несиеге сатып алынған барлық автокөліктердің сақтандырылғанын жеткізді.
«Әрбір шартты жеке қарауымыз керек. Қандай ерекшеліктер, төлем жасау үшін қандай негіздер бар. Сондықтан Агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, жасалған және сақтандыру жағдайы басталған барлық сақтандыру полюстері бойынша төлем жасау жүзеге асырылуы үшін толық шаралар қолданатынын атап өтеміз. Төлем жасалмаған жағдайда, сақтандырылған тұлға сақтандыру омбудсменіне, сондай-ақ Агенттікке жүгіне алады.