«Бас прокуратура, қаруларды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтап, өз еркілерімен тапсырған тұлғаларға, қылмыстық жауаптан босату кепілін береді.  Адам қарумен жүріп, құқық қорғау органдарымен ұсталса, ондай жағдай, өз еркімен қаруды тапсыру деп танылмайды. Ішкі істер органдарына заңсыз айналымнан атыс қаруларын алу бойынша жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды жандандыру туралы тапсырма берілді»,- деп атап өтті спикер. Сонымен қатар, ол прокурорлар жергілікте процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстық істерді объективті тергелуі бойынша шаралар қабылдауды жалғастырып жатқанын жеткізді.