Ресми деректер бойынша, соңғы екі жылда министрлік сәулет органдарына қатысты 100-ден астам, негізінен жоспардан тыс тексеру жүргізді. 1 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Жартысына жуығы - ЕТЖ сәйкес келмеуі, 197 бұзушылық эскиздік жобаларды келісудің болмауы және 224 бұзушылық СЖТ беру бойынша.
«Сондықтан қазір қала құрылысын жоспарлау жүйесін, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңа урбандалу тәсілдерін дамытуды трансформациялау қажет. Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірлеу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты министрлік қала аумағын сапалы жоспарлау стандарттарының бірінші редакциясын әзірледі және мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберді. Стандарттар жобалау, ықшам құрылысты енгізу, тартымды және жайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыру, жаяу жүргіншілер мен велосипед инфрақұрылымын дамыту бойынша қарапайым және көрнекі құралға айналады. Олар құрылыстың негізгі мақсатты модельдерін анықтайды және әрқайсысы үшін әлеуметтік маңызы бар нысандардың жаяу жүргіншілерге қол жетімділігі, көгалдандыру, тығыздық, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және т.б. параметрлері беріледі, осы мақсаттар үшін еліміздің ірі елді мекендерінің қалалық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасының пилоттық жобаларын іске асыруды бастауды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады министр.