Талдау Атырау қаласына дамудың полиорталықты моделі тән екенін көрсетті. Онда бірнеше жергілікті орталық бар, бірақ ондағы көлік желісі байланысы нашар, бұл олардың дамуын қиындатады және экономикалық әлеуетін толық ашпайды.  

«Жақсартуды қажет ететін келесі мәселе – көпір байланыстары. Орал өзені қаланы екіге бөледі, көпірлер арасындағы қашықтық 1,5-3 км, мәселен, Лондонда Темза көпірлері арасындағы қашықтық 150-ден 800 м-ге дейін. Біз халықаралық тәжірибені талдап, Қарабаш және Янаул қалаларын трансформациялау жоспарларын негізге алдық. Олардың архитектуралық стилі, тарихы және климаттық жағдайлары ұқсас. Өткен жылы тұрғындар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде үш басты проблема анықталды: қала тұрғындарының пікірінше, қалалық инфрақұрылым, мәдени әлеуметтік сала жетіспейді және маңызды аспект – экология. Біз ұсыныстарымызды бірнеше санатқа бөлдік. Біріншісі - қалалық инфрақұрылым, екіншісі - мәдени демалыс, үшіншісі - Жасыл экономика және төртінші біздің туризм жөніндегі ұсынысымыз», - деп хабарлады спикер.  


10 негізгі және 6 шағын көшені жаңартудан бастау қажет. 150-ден астам ғимараттың қасбетін қайта жаңарту ұсынылды. Жаяу жүргіншілерге арналған велосипед ортасын дамыту тұжырымдамасы негізге алынды.