Оның мәліметінше, Арал-Сырдария бассейніндегі өзендердің сулылығы вегетацияаралық кезеңде нормадан 86% деңгейінде күтіледі. Тоқтоғұл су қоймасындағы су көлемі 9,2 млрд м3 құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 млрд м3 аз. Бассейннің басқа да бірқатар су қоймаларында су көлемі аз.   

«Балхаш-Алакөл  бассейні. Қапшағайда жобалық көлем негізінде 18 млрд 450 млн м3, жиналғаны 15 млрд 820 млн м3 су өткен жылдың деңгейінде. Балхаш көлінің  жыл басындағы жағдай бойынша Балтық жүйесі бойынша 345,85 м болып қалыптасты. Шу-Талас бассейні.  
Қырғыз Республикасының аумағындағы Киров су қоймасы жобалық көлемі 550 млнмᶟ, ағымдағы көлемі 300,72 млн мᶟ (54%) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38 млн артық. Ортотокой су қоймасы жобалық көлемі 470 млн м3, ағымдағы көлемі 251 млн м3 (53,4%) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 113 млн аз. Шу өзеніндегі Тасөткел су қоймасы (жобалық көлемі 620 млнмᶟ) рұқсат етілген көлемде 472 млн мᶟ, ағымдағы көлемі-330,7 млн мᶟ (70%) немесе өткен жылға қарағанда 64,7 млн м3 артық. Қалыптасқан су шаруашылығы жағдайын ескере отырып, алдағы вегетациялық кезең оңтүстікте өте қарқынды өтеді деп күтілуде. Ең қиын жағдай Арал-Сырдария бассейнінде болады деп күтілуде», - деді спикер.