Сонымен қатар, студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы аясында шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндіктері артты.  


«Байқауға қатысқан түлектердің 55% шетелде білім алған. Ал түлектердің 12% магистратурада оқуын жалғастырды. Төртінші. Білім беруді цифрландыру. Білім беруді цифрландыру көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғаны байқалады, қашықтан оқытуды қамтамасыз етудің біртұтас экожүйесі қалыптасқан. Университеттердің 90% цифрлық кітапханалар алған, 87% плагиатқа қарсы жүйе, 81% прокторинг жүйесі бар. Бесінші. түлектерді сертификаттау. Қазір педагогикалық мамандықтар бойынша оқу бітіргендер Ұлттық біліктілік тестінен өткеннен кейін ғана жұмысқа орналасатынын білесіздер. Осыған байланысты педагог кадрларды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауда ҰБТ нәтижелері де ескеріледі. Педагогикалық бағыт бойынша 481 білім беру бағдарламасы қарастырылды, оның 7% ҰБТ нәтижелеріне байланысты позициялар нашарлаған. Алтыншы. Университеттерді профильдеу. Соңғы жылдары нарықтан «әлсіз» немесе сапасыз білім беретін университеттердің кетіп жатқанын білесіздер. Бұны осы рейтинг нәтижелері де растайды. Кейбір университеттер өз позицияларын жақсартса, басқалары бұл бағытта ешқандай жұмыс жасамайды. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлік палатасы сайтында орналастырылатын рейтинг нәтижелерін зерделеу кезінде университет бейінін ескеру қажет, яғни бұл көпсалалы университет пе немесе мамандандырылған университет пе», - деп атап өтті спикер.     


Мысалы, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» бағыты бойынша Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті көш бастап тұр. Төменгі орынды Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы алады. Бұл бірбейінді мамандандырылған университеттер.  


Педагогикалық бағытта Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті сияқты көпсалалы университеттер жоғары нәтиже көрсетуде. Ең нашар көрсеткіш Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде.