«Бүгінде Шымкент МӨЗ-де аумақтық алаң бар, жалпы зауыт шаруашылықтары қысқа мерзімді кезеңде өсіп келе жатқан қажеттіліктерді өтеу үшін осы зауыттың қуатын кеңейту туралы ойлануға итермелейді. Алайда, мұнда мұнаймен қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Бүгін біз Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырының өткізу қабілетін кеңейту туралы ойлануымыз керек. Оңтүстік МӨЗ-де мұнай өңдеуді үздіксіз қамтамасыз ету үшін өткізу қабілетін 6 млн тоннаға дейін арттыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізу қажет. Жөндеу аралық кезең бойынша барлық үш МӨЗ-дің ағымдағы жөндеу циклына талдау жүргізілді, зауыттарда қайта өңдеудің қайталама процестерінің тоқтауының жиынтық уақыты жылына 100 күннен асады. Сондықтан біз қазір 5 жылдық кезеңге арналған жөндеу кестесін әзірлеп жатырмыз, ол жылына үш зауыттың біреуін ғана тоқтатуға мүмкіндік береді, бұл өндіріс көлемін жылдар бойынша тұтастай теңестіруге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мұнай өнімдерінің резервтері бойынша резервтерді құрудан басқа, біз биылғы жылдың бірінші тоқсанында «ҚТЖ» АҚ базасында 50 мың тоннаға дейінгі көлемде сақтау бойынша қуатты пайдалана отырып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының базасында мұнай өнімдері бойынша 150 мың тонна көлемінде резерв құруды жоспарлап отырмыз. Негізінен, бұл дизель отыны. Жақсы резервуар паркі бар, сондықтан осындай резервтерді құру үшін осы қуаттарды қолданамыз деп ойлаймыз. МӨЗ жөндеу мерзімдерін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп жөнелтумен үйлестіру бойынша келесідей шаралар қабылданады: 2022 жылғы ақпаннан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мұқтаждықтары үшін дизель отынын жөнелту жүзеге асырылатын болады, негізінен, оңтүстік өңірлерге. Жылына жеткізілімдердің жалпы көлемі екі маусымға да 800 – 850 мың тонна дизель отыны деңгейінде болжанып отыр. Сондай-ақ Шымкент МӨЗ жөндеу мерзімін 2022 жылғы қарашадан 2023 жылға ауыстыру ауыстыру. Сондай-ақ, Павлодар МӨЗ-де 2022 жылғы маусым айының соңынан шілденің ортасына дейін, яғни егіс аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деп түсіндірді ведомство басшысы.  

 
Сенімді, автоматты түрде берілетін деректердің болмауына байланысты МӨЗ-дан жөнелтуді «қолмен» басқару жүзеге асырылады. Әуежайлардың барлық мұнай базалары мен отын құю кешендерін есепке алудың бақылау аспаптарымен міндетті жарақтандыру бойынша заңнамалық өзгерістер әзірленді. Бұл ұсыныс бизнес қоғамдастықпен егжей-тегжейлі талқылауды қажет етеді, қазіргі уақытта бизнеске әсерді азайту үшін аккредиттелген компаниялармен консультациялар жүргізілуде.