«Цифрлық майнинг субъектілеріне қатысты министрлік бірқатар шаралар қабылдады. Олар энергия жүйесінің тұрақты жұмысын сақтау, халықты энергия жүйесімен толық қамтамасыз ету және экономиканың нақты секторларын ондаған мың жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге негізделген. Энергетика министрлігі электр қуатымен нарықты жабдықтау мәселесімен айналысады. Ал үкіметтің құзыретті органдарының біріккен жұмысының нәтижесінде заңсыз қосылған майнерлер анықталады. Қазіргі кезде нақты шаралар белгіленуде. Нәтижелер бойынша қосымша хабарланады», - деді спикер.  


Энергетика басшысының айтуынша, биыл электр қуатының бағасын 2021 жылғы деңгейде сақтау жоспарланған.