«Атыраудың сол жағалауында екі облысқа - Ақтау мен Ақтөбеге Қарабатанға баратын жол бар. Өздеріңіз білесіздер, онда өнеркәсіптік аймақ болады, онда Қашаған тұр, мұнай-химия кешені қарқынды даму үстінде. Бірақ екі жолақты жолдың жүктемесі артты, бүкіл апаттар сонда болады. Сонымен қатар, қалаға кіру жол теміржол арқылы өтеді. Бұл өткел бірнеше рет қайта жасалды, десе де бүгінде кептеліс болып тұрады. Ал Астраханьға өту жолы сонда апарады. Мен жобада айналма жол болуы мүмкін екенін көрдім, бірақ қаланың өзеннің бойымен дамып жатқанын ескерсек, бұл мәселелер қалай шешіледі?»,- деп сұрады сенатор ведомство басшысынан.   


Қайырбек Өскенбаев бұл мәселемен таныс екенін және нақты тапсырмалар бергенін жеткізді.  

 
«Бұл мәселе бұрыннан пісіп-жетілді. Тасжолға түсетін жүктеме жоғары. 2009 жылы ол жолдардың үшінші санаты бойынша қайта құрылды. Бірақ ол кезде бұл жолдың Атырау қаласы мен Атырау облысының тұрғындары үшін маңызы толық ескерілмеген еді. Сондықтан мен 2023-2024 жылдарға ЖСҚ әзірлеуге тапсырма бердім. ЖСҚ дайын болған кезде, 2025 жылға қарай төрт жолақты бірінші санат бойынша жолды қайта жаңартуды бастауды тапсырдым. ЖСҚ әзірлеу кезінде барлық ескертулер ескерілетін болады», - деп сендірді министр.