«Сол себепті осы мәселе қазіргі жобаларда ескерілетін болады. Салынып жатқан жол бойындағы шағын ауылдардың әкімшіліктерімен жұмыс істейміз, облыс тарапынан, біздің тарапымыздан бөлінген қаржымен оны шешуге тырысамыз. Ол жолдың қай мекемеге қарайтыны халыққа бәрібір. Жол болса болды. Бір мемлекет - бір үкімет - бір елміз. Сондықтан осы мәселені қарастырып, жөнге келтіруді тапсырамын», - деді Қ.Өскенбаев. 


Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жемқорлықпен цифрландыру арқылы ғана күресуге болады.  


«Қазіргі кезде құрылыс комитетінің басшысымен бірге 2 жолды көздеп отырмыз. Біріншісі, сараптама институтында онлайн калькулятор жасап, аудандарда, өңірлерде мектеп, аурухана, және т.б. салу үшін нақты баға белгілеу. Үкіметке шекті бағалар белгілеу бойынша ұсыныстар дайындап жатырмыз. Республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі мекемелерге құрылыстың 1 шаршы метрінің құны осындай болуы керек, одан аспау керек деген сияқты. Бұдан бөлек, «Е-құрылыс» ақпараттық жүйесі әзірленіп, сараптамадан өтіп жатыр. Биыл іске қосылады. Қазіргі кезде ақпараттың барлығы жазбаша толтырылады, ал енді блокчейн жүйеде электронды түрде болады. Оны бәрі көре алады. Барлығы елге көрініп, ашық болмаса, жұмыстардың берекесі болмайды», - деді министр.