« Осы факторларды ескере отырып, арнайы прокурорлар 76 күдіктіні тергеу изоляторларынан босатты. Қамауға алу ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, үйқамаққа және жеке кепілдікке ауыстырылды. Олардың арасында екі әйел және 9 кәмелетке толмаған жасөспірім болған. Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалған адамдар жоқ екенін жауапкершілікпен мәлімдейміз. Қамауға тек ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны туралы нақты айғақтар бар адамдар ғана алынды.  
Біз келтіріп отырған сандық мәліметтер – олар тек арнайы прокурорлардың тергеуіндегі істер бойынша екенін атап өткім келеді», - деді спикер.