Мысалы, 5 қаңтарда Алматыда қарақшылар көлігін бермей қойғаны үшінбелгілі музыкант, продюсерді атып тастаған. Такси, ауыр көліктер мен автобус жүргізушілерін де көшелерде тосқауыл қою арқылы жабуға мәжбүрлеген. 

«Тіпті дәрігерлерге шабуыл жасап, 46 жедел жәрдем, 551 полиция көлігін қиратып, 5 өрт сөндіру машинасын өртеп жіберген. Осы іс-қимылдардың барлығы, соның ішінде әкімдіктердің, Президенттің Резиденциясының, ҰҚК, полиция және басқа да объектілер ғимараттарын қарулы басып алу үшін шабуыл жасау заң жүзінде терроризм актісі ретінде танылады. Олар халық арасында үрей мен қорқыныш тудыруды, үкімет пен басқару органдарының қалыпты жұмысын істен шығаруды көздеген. Бейбіт шерулер ешқашан мұндай әрекетке бармас еді. Заңға бағынатын адамдар бұл уақытта үйде отырды. Кейбір саналы азаматтар тұтқынға түскен және жараланған қызметкерлер мен әскерилерге көмек көрсетіп, оларға тобырлардың тиісуіне жол бермеді. Сонымен бірге, тәртіпсіздіктердің ең қызу кезеңінде де тәртіп сақшылары өлімге әкелетін қаруды қолданбаған, жараланғандардың басым көпшілігі қауіпсіздік күштері арасында болуы да осыдан. Ауруханаға түрлі жарақаттармен 3 393 қызметкер жеткізілген. Олар болса, біреудің әкесі, күйеуі, ағасы немесе баласы. Олар жай ғана өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін атқарып, құқықтық тәртіп пен тыныштығын қамтамасыз етті», - деді спикер.