Сондай-ақ, ол тағы бір маңызды мәселеге тоқталды. 


«Қаңтар оқиғасы тұсында әлеуметтік желілер арқылы жалған хабарламалар көп таратылды. Олардың қатарында «Алматыда мен елордада судың ластануы», «Елімізге екі мың тәліб содырының келуі», «Алматыдағы биозертхананың басып алынуы», «Телефондардың толық тыңдалуы» туралы жалған ақпараттар. Бұлар халық арасында үрей тудыру үшін таратылған.  
Осындай әрбір жалған ақпарат бойынша ІІМ қылмыстық заңнамаға сәйкес процессуалдық шешімдер қабылдайтын болады. Сондықтан азаматтарымызды ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратпауды сұраймын», - деді қадағалау органының өкілі қазақстандықтарға.