Жеке құрам ерекше режим жағдайында қызмет атқаруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады. 


Еліміздің барлық өңірлерінде ІІО-ның 17 мыңнан астам қызметкері мен әскери қызметшілері жұмылдырылған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.  

«Іс-шара аясында тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қаруларды анықтау  мақсатында аулаларды аралау, жалдамалы пәтерлерді фермерлік шаруашылықтарды және өзге де объектілерді тексеру қамтамасыз етіледі. 9 блок-бекет жұмыс істеп тұр, оларға 200 қызметкер тартылған, 6 «Рубеж» бекеті. Олар өтіп бара жатқан автокөлікте тыйым салынған және ұрланған заттардың бар-жоғына тексеру жүргізеді», - деді спикер.