Бүгінгі күні әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтердің 45 түрі бар, 42 қызмет бойынша (93%) электрондық форматта алу мүмкіндігі бар, оның ішінде 21 қызмет бойынша (43%) проактивті, оның ішінде 18-і былтыр зерделеніп, талданып, қызметтердің проблемалары мен тежеуіш факторлары анықталды.  


«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың басым бағыттарының бірі оларды электронды, әсіресе проактивті форматта көрсету болып табылады. Мысалы, бала тууға байланысты төлемақыны алсақ, жыл абсында ол қызметті тек азаматтардың 12% ғана алған. Біздің трасформациялау жұмыстары аясында бизнес процестер оңтайландырылып,  2021 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 53% дейін өсті. Яғни, жылына шамамен жаңа туылған 440 мың сәбидің аналарының 230 мыңға жуығы үйден шықпай, қызметті СМС арқылы алған. Бұл өте ыңғайлы, азаматтар ХҚКО бармайды. Сонымен қатар, көпбалалы аналарға жыл басында проактивті түрде қызмет көрсету көрсеткіші 1% болса, жыл соңына қарай 41% дейін артты. Жалпы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында 2025 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметтердің 100%-ын электрондық форматқа, оның ішінде кемінде 60%-ын проактивті форматқа көшіру міндеті тұр», – деді Ербол Оспанов. 


Оның айтуынша, жыл қорытындысы бойынша 700 мың азамат қызметтерді проактивті түрде алған болса, 2025 жылға қарай осы форматта мемлекеттік қызметтер көрсету көлемін жылына 6 млн-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.